Басты бет / Жаңалықтар /
Тимур Сүлейменов
Тимур Сүлейменов. Фото: Akorda.kz

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Ақорда хабарлады.

Тимур Сүлейменов 1978 жылғы 5 сәуірде дүниеге келген. Еңбек жолын «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында бас консультант қызметінен бастаған.

2009–2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметтерін атқарды.

2016 жылғы 28 желтоқсаннан 2019 жылғы ақпанға дейін Тимур Сүлейменов Ұлттық экономика министрі болды.

2019 жылғы 1–21 наурыз аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы 22 наурыздан шілдеге дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі болды.

2019 жылғы 22 шілдеден 2022 жылғы 13 қаңтарға дейін Президент Әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы 13 қаңтардан 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы қызметін атқарды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok