Басты бет / Білім /
Докторантура
Фото: Liter.kz

Магистратура бойынша 2026 жылғы грант иегерлерінің тізімі белгілі болды

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына магистратураға мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Биыл магистратураға мемлекеттік грантқа қатысу үшін шамамен 23 мың өтініш түскен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 мыңға жуық өтінішке көп.

Республикалық комиссияның отырысы 21 тамызда өтіп, мемлекеттік білім беру гранты конкурс негізінде бөлінді.

Талапкерлер арасында сұранысқа ие бағыттар «Педагогика ғылымы», «Ақпараттық-коммуникациялық технология», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» болды.

Құжат қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады

Магистратураға мемлекеттік грант иегерлерін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Грант иегерлері осы мерзімге дейін оқу орнына құжатын тапсырып, оқуға қабылдау процесінен өтуі қажет.

Магистратураға мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін мына арнадан көре аласыз.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram