Басты бет / Жаңалықтар /
Дәрі-дәрмек
Фото: ДСМ

Жаңа ереже: қыркүйектен бастап БАД сатушыларды бақылау күшейеді

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ / БАД) міндетті түрде цифрлы таңбалау керек. Ел аумағына әкелінген, яғни шетелдер импортталған барлық өнімді сатушылар Data Matrix кодымен таңбалауға тиіс. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

БАД-ты қадағалау жүйесі іске қосылады

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биологиялық белсенді қоспаны қадағалау жүйесі 2027 жылғы 1 наурызда іске қосылады. Осы күннен бастап өнім айналымы, яғни өнімді шығарушы, сатып алушы және төлем жайлы дерек электрон құжат арқылы бақыланады. Әр өнімге бірегей Data Matrix коды таңбаланады.

Тауардың заңды түрде сатылып жатқанын қалай білуге болады?

Жаңа ереже биологиялық белсенді қоспа айналымының ашық әрі заңды болуына ықпал етеді. Енді сатып алушылар қаптамадағы Data Matrix кодын Naqty Onim мобайл қолданбасы арқылы сканерлеп, ББҚ-ның заңды түрде сатылып жатқан өнім екенін тексере алады.

ББҚ сатумен айналысатын компания:

  • тауарларды таңбалап;
  • tanba.markirovka.kz порталы арқылы⁠  тауарды цифрлы қадағалау жүйесіне (ТТҚЦЖ) тіркеп қоюы керек

Тіркелген тауарды жүйеге енгізу үшін уақыт қажет болғандықтан, ББҚ сатушы компаниялар тіркеуді кейінге қалдырмауы керек.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook