Басты бет / Жаңалықтар /
ІІМ, полиция, полицей
Фото: ІІМ

ШҚО-да туристер жартасқа жазу жазғаны үшін жауапқа тартылды

Шетелден келген туристер Шығыс Қазақстан облысындағы демалып жүрген кезде жартасқа «Санкт-Петербург» деп жазған. Кейін видео әлжеліде тарап, жұрт туристердің әрекетіне наразы болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция жартасқа жазу жазған туристерді анықтады

Шетел азаматтары Шығыс Қазақстан облысындағы Сібе көлдерінің маңындағы жартас беткейіне жазу жазған. ШҚО-ның полиция қызметкерлері Сібе көлдеріне қарасты Шалқар көліндегі жартасқа «Санкт-Петербург» деп жазған туристерді анықтады.

Құқық бұзған азаматтарға заңнама бойынша шара қолданылды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Туристерге жазуды өшіру міндеттелді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram