Басты бет / Жаңалықтар /
спорт
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Еліміздің спортшылары дзюдодан Эквадор мемлекетінің Гуаякиль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Отандастарымыз Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан дзюдошылары топтық жарыста чемпион болды. Финалда отандастарымыз Бразилия спортшыларын 4:3 есебімен жеңді. Шешуші бәсекеде Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Інжу Жұмажан (63 келіге дейін), Еркен Бекали (81 келіге дейін), Тоғжан Төлебай (63 келіден жоғары), Әділжан Жаудинов (81 келіден жоғары) және Иянат Жұбатқан (48 келіге дейін) ел намысын қорғау үшін сынға түсті.

Спортшыларымыз 10 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы жеке сайыстардан жалпы 10 медаль жеңіп алды. Алтын медаль алып, әлем чемпионы атанған дзюдошылар — Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) және Әділ Жаудинов (90 келіден жоғары).

Ал Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін), Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль иегері атанды. Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook