Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижесі жарияланды. Жалпы 9 351 539 Қазақстан азаматы Құрылтайды сайлауға дауыс берген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, «Әділет» партиясына 6 528 948 азамат, яғни сайлаушылардың 71,17%-ы дауыс берген.
Алдын ала нәтиже бойынша:
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға 469 058 (5,11%);
- «Байтақ» партиясына 97 751 (1,07%);
- Қазақстан халық партиясына 285 395 (3,11%)
- «Ауыл» партиясына 574 621 (6,26%)
- «Ақ жол» партиясына 478 083 (5,21%)
- «Республика» партиясына 509 631 (5,56%) азамат дауыс берген.
Сайлаушылардың 2,51 %-ы «бәріне қарсымын» нұсқасын таңдаған.
