Қыркүйек айында Қазақстанда бірқатар маңызды өзгеріс пен оқиға болады. Оның ішінде зейнетақы жинағын басқарудағы жаңа ережелер, Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі, кейбір азаматтардың 270.00 есептілігін тапсыру мерзімі және жаңа оқу жылының басталуы бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Зейнетақы жинақтарын басқару тәртібі өзгереді
2026 жылғы қыркүйектен бастап зейнетақы жинақтарын басқару тәртібін өзгертетін жаңа заң күшіне енеді. Оған 2026 жылғы 7 шілдеде қол қойылған.
2026 жылғы қыркүйектен бастап азаматтар зейнетақы жинағының 100%-ға дейінгі бөлігін жеке басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ)) сенімгерлікке бере алады. Осылайша, тұрғындар өз қаражатын басқаруда толық таңдау еркіндігіне ие болып, тәуекелі төмен немесе жоғары табысты инвестициялық стратегияны өз қалауынша таңдай алады.
Салымшы ешқандай өтініш бермесе, оның зейнетақы жинақтарын бұрынғыдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Әлеуметтік кодексте Ұлттық Банктің зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді нақты табысқа жетуге ұмтылуға міндетті екені заңнама деңгейінде бекітілген.
Кейбір азаматтар 270.00 нысанын тапсыруы керек
Жекелеген санаттағы азаматтар 2025 жылға 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыруға тиіс. Бұл міндет белгілі бір санаттағы жеке тұлғаларға қатысты.
Декларацияны электрон түрде Салық төлеушінің кабинеті, eGov.kz және кейбір мобайл қосымшалар арқылы тапсыруға болады.
Жаңа оқу жылы басталады
Қазақстан мектептерінде 2026–2027 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
2026–2027 оқу жылындағы каникул күндері де жарияланды.
Қыркүйек айында Qazaq AI Research University ашылады
2026 жылғы қыркүйекте Астанада Qazaq AI Research University (QAIRU) жұмысын бастайды. Университет жасанды интеллект саласында мамандар даярлауға бағытталған. Бұл туралы Қазақстанның Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңесіне қатысты ресми материалда айтылған.
Университеттің дамуы Қазақстанда жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін қалыптастыру және ЖИ, ғылым мен технология саласында жаңа буын мамандарын даярлау жұмысының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды
Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді 4 қыркүйек 2026 жылы сағат 12:00-де Астана уақытымен жариялайды.
Қазіргі базалық мөлшерлеме 16,75%, пайыздық мөлшерлемелер шегі – 15,75–17,75%. Бұл көрсеткіш 2026 жылғы 27 шілдеден бастап белгіленген.
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді
Испания әншісі қыркүйек айының басында Қазақстан тұрғындарына концерт бермек. 3 қыркүйекте Энрике Иглесиас Астана Аренада, ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсетеді.
