Құтқарушылар Үлкен Алматы көліне барып, төмен түсетін жолда адасып қалған төрт қызға көмек берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Алматыдағы Үлкен Алматы көлі маңында, шамамен 2500 метр биіктікте жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары төрт қызға көмек берді. Қыздар көлге көтеріліп, қайтар жолда бағыттан адасып, төмен түсе алмай қалған. Құтқарушылар тауға барып, қыздарды төменге түсірді. Таудан түскен соң қыздар туыстарымен бірге үйлеріне қайтты.
Құтқарушылар азаматтарға тауға шығу үшін маршрутты алдын ала мұқият зерттеуді, белгіленген соқпақ жолдан шықпауды және жақындарыңызға баратын бағытыңыз бен қайту уақытыңыз туралы хабарлау керек екенін ескертті.
