Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша шетелдегі сайлау учаскелері жұмысын аяқтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстанның шетелде 79 саулау учаскесі бар
Астана уақыты бойынша бүгін таңда еліміздің шетелдегі 79 сайлау учаскесінде Құрылтайды сайлауға дауыс беру аяқталды. Оның ішінде 74 учаскеде дауыс беру 00:00-ге дейін аяқталды. Ал АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінде дауыс беру 24 тамыз күні Астана уақыты бойынша 08:00-де аяқталды.
Шетелде 9 623 Қазақстан азаматы дауыс берген
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 61 елде барлығы 9 623 Қазақстан азаматы дауыс берген. Бұл шетелдегі сайлаушылар тізіміне енген азаматтардың 84,4%-ы.
Жалпы Құрылтайды сайлауға 9,3 миллионнан астам Қазақстан азаматы дауыс берген.
