Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, саябақ, парк, Алматы таулары, демалыс, ауа райы жаз, катамаран
Фото: Алматы әкімдігі

24 тамызға арналған ауа райы болжамы

24 тамызда Қазақстанның солтүстік және шығыс аймағында жаңбыр жауып, батыс аймағында аптап ыстық болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Жетісу облысының батысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.

Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың тау бөктерінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кешке кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.

Астанада күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.

Алматыда күн ала бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +32…+34°C, түнде +15…+17°C болады. Желдің жылдамдығы 8 -13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram