Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 72,15%-ы.
Түркістан мен Жетісу көш бастап тұр
Сағат 18:00-дегі көрсеткіш бойынша ең жоғары сайлаушылар белсенділігі Түркістан облысында – 90,17% тіркелді. Екінші орында Жетісу облысы – 89,69%, Қызылорда облысы – 88,09%.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында 85,43%, Ақтөбе облысында 84,95%, Жамбыл облысында 83,99% сайлаушы дауыс берген.
Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 41,06%. Астана қаласында сайлаушылардың 49,87%-ы дауыс берді.

