Басты бет / Жаңалықтар /
Дауыс беру, референдум
Фото: zakon.kz

Бюллетеньді суретке түсірген Алматы тұрғыны жауапқа тартылды

Құрылтай сайлауы кезінде заңбұзушылықтың бірнеше фактісі тіркелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Толтырылған бюллетеньді суретке түсіруге болмайды

Бас прокурор аппаратының БАҚ мониториңі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісовтің айтуынша, дауыс беру күні кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынған. Соның ішінде толтырылған бюллетеньді суретке түсіріп, оны жариялау да заң талаптарын бұзуға жатады.

Бүгін кез келген үгітке тыйым салынады. Толтырылған бюллетеньдерді суретке түсіру үгіт болып саналады. Алайда бұл бойынша бірнеше заң бұзу тіркелді. Алматы тұрғыны әкімшілік кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа тартылды. Ол кінәсін мойындап, жарияланымды өшірді. Осыған байланысты біз заңды бұзбауға шақырамыз, – деді Жанпейісов брифиңде.

ІІМ: сайлау кезінде тәртіп бұзылмаған

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Құрылтайды сайлау өтіп жатқан уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелмегенін айтты.

ІІМ-нің жедел басқару орталығы сайлау учаскелері орналасқан көшелерді видео арқылы бақылап отыр. Тәртіп үнемі бақыланып отыр. Сайлаушылар мен азаматтардың атынан арыз түссе, полиция бірден іске кірісуге әзір, – деді ол.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok