Басты бет / Жаңалықтар /
сайлау, референдум
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Сағат 16.00-дегі жағдай: халықтың 65,37%-ы дауыс берді

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 65,37%-ы.

Қызылорда облысы көш бастап тұр

Сағат 16:00-дегі көрсеткіш бойынша ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында – 81,38% тіркелді.

Одан кейін:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 79,33%
  • Жетісу облысы – 77,03%
  • Түркістан облысы – 76,73%
  • Ақтөбе облысы – 75,63%
  • Ақмола облысы – 73,69%

Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 36,65%. Астана қаласында сайлаушылардың 46,38%-ы дауыс берген.

ОСК
Фото: ОСК

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook