Басты бет / Жаңалықтар /
Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: nazarbayev.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтайды сайлауда үйден дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Ол денсаулығына байланысты дауыс беру құқығын үйінде жүзеге асырған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Назарбаев үйден дауыс берді

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты хабарлады. Хабарламада тұңғыш президенттің жуырда омыртқасына ота жасалғаны айтылған.

Денсаулық жағдайына, жуырда жасалған омыртқа отасына байланысты тұңғыш президент өз дауыс беру құқығын үйінде іске асырды, – делінген хабарламада.

Құрылтайға 145 депутат сайланады

Қазақстанда бүгін, 23 тамызда, жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр.

Құрылтайға партиялық тізімдер бойынша 145 депутат сайлануға тиіс. Сайлауға жеті саяси партия қатысып жатыр. Сонымен қатар бюллетеньде «Бәріне қарсымын» деген нұсқа да бар.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok