Басты бет / Қоғам /
Ордабасы Футбол клубы

«Ордабасы» футболшылары Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шымкентте «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді. Команда мүшелері Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда орналасқан №90 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Дауыс беруге футболшылар Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Жасұлан Әмір, Мағжан Тоқтыбай, Эльхан Астанов және команданың өзге де мүшелері қатысты.

«Біздің матчтарымызда шымкенттік жанкүйерлердің қолдауы мен ықыласы бізге ерекше күш береді. Жанкүйерлеріміз өте көп. Жалпы, футбол – бұқаралық спорт. Ал Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын саяси науқан. Сондықтан барлық азаматты жауапкершілік танытып, дауыс беруге шақырамыз», – деді «Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзада.

Айта кетейік, «Ордабасы» командасы қазіргі уақытта Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде жоғары орындардың бірінде келеді.

Шымкенттік футболшылар елімізде алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға да белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

№90 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Бақыткүл Нәлібаеваның айтуынша, аталған учаскеде 2619 сайлаушы тіркелген. Оның сөзінше, тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok