Басты бет / Жаңалықтар /
Ғабит Сыздықбеков
Фото: gov.kz

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Қала басшысы №231 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысты.

Әкім сайлауға қатысқаннан кейін тұрғындарға үндеу жасап, әр азаматтың ел болашағына жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін атап өтті.

«Мықты әрі тұрақты мемлекет қоғамның бірлігіне, әр азаматтың жауапкершілігіне және баршамызды біріктіретін ортақ құндылықтарға негізделеді. Әр адамның азаматтық міндетіне саналы түрде қарауы – еліміздің одан әрі дамуының маңызды негізі», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Оның айтуынша, Құрылтайдың құрылуы елдегі саяси жаңғырудың маңызды кезеңі әрі мемлекеттік институттарды жетілдіруге бағытталған реформалардың жалғасы.

Қала әкімі Мемлекет басшысының сайлау қарсаңындағы үндеуіне де тоқталып, бұл науқан Қазақстанның саяси дамуындағы жаңа кезеңге жол ашатынын атап өтті.

«Бүгін мен де дауыс беруге қатысып, өз таңдауымды жасадым. Мұны азаматтық жауапкершілік пен өз еліме деген құрметтің көрінісі деп санаймын. Барлығымыз Қазақстанның қуатты, тұрақты әрі дамыған мемлекет болғанын қалаймыз», – деді әкім.

Ғабит Сыздықбеков Шымкентте ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғын үйлер салынып жатқанын айтты. Оның сөзінше, қаланың одан әрі дамуы тұрақтылықты, жүйелі жұмысты және тұрғындардың мүддесіне сай шешімдерді қажет етеді.

Сондай-ақ қала басшысы шымкенттіктерді конституциялық құқығын пайдаланып, сайлауға қатысуға шақырды.

23 тамызда Қазақстан бойынша Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Шымкентте 365 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok