Басты бет / Жаңалықтар /
ОСК
Фото: ОСК

Құрылтайды сайлау: Қазақстан азаматтарының 53,12%-ы дауыс берді

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 53,12%-ы.

Қай өңірде сайлаушылар белсенді?

Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында – 64,22% тіркелді. Одан кейін Абай облысы – 63,07%, Жетісу облысы – 62,89%, Қарағанды облысы – 62,79% және Ақмола облысы – 61,15%.

Ақтөбе облысында сайлаушылардың 60,87%-ы, Шығыс Қазақстан облысында 61,10%-ы дауыс берді.

Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 30,36%. Астана қаласында бұл көрсеткіш 40,92%-ды құрады.

1. Астана қаласы бойынша – 40,92%.

2. Абай облысы бойынша – 63,07%.

3. Ақмола облысы бойынша – 61,15%.

4. Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%.

5. Алматы облысы бойынша – 54,57%.

6. Атырау облысы бойынша – 54,49%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%.

8. Жамбыл облысы бойынша – 50,58%.

9. Жетісу облысы бойынша –  62,89%.

10. Қарағанды облысы бойынша – 62,79%.

11. Қостанай облысы бойынша – 55,86%.

12. Қызылорда облысы бойынша – 64,22%.

13. Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%.

14. Павлодар облысы бойынша – 54,01%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%.

16. Түркістан облысы бойынша –  57,72%.

17. Ұлытау облысы бойынша – 53,31%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%.

19. Алматы қаласы бойынша – 30,36%.

20. Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.

Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталған.

ОСК сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпаратты сағат 16:00-де жариялайтынын хабарлады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook