Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайды сайлауда дауыс берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Президент сайлау учаскесіне барды

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді.

Президент бүгінгі күнді Қазақстан үшін тарихи оқиға деп атады.

Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік, – деді мемлекет басшысы.

«Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана»

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атқарылған жұмыстарға қарамастан, алда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана, – деді президент.

Қазақстанда бүгін, 23 тамызда, ел тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram