Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 670 816 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 37,05%-ы.
Қызылорда мен Жетісуда сайлаушылар белсенді
Сағат 12:00-дегі көрсеткіш бойынша ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында – 47,59% тіркелді. Одан кейін Жетісу облысы – 47,29%, Түркістан облысы – 43,14%, Ақтөбе облысы – 42,53% және Шығыс Қазақстан облысы – 41,89%.
Шымкентте сайлаушылардың 41,60%-ы дауыс берсе, Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 40,56%-ды құрады.
Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 17,87%. Маңғыстау облысында – 34,68%, Қостанай облысында – 34,72%, Ұлытау облысында – 34,93%.

