Қызылорда облысы Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесінде 105 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров Құрылтай сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
105 жастағы ардагер сайлауға қатысты
Ғасыр жасаған қария ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысты. Бүгінде Яхия Тасыров – облыстағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері.
Ардагер елдің тұрақтылығы мен болашағы үшін әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі.
Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әркім өз таңдауын жасауы керек. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, – деді Яхия Тасыров.
105 жастағы майдангердің сайлауға қатысуы азаматтық белсенділіктің үлгісі болды.
Оның өмір жолы мен ел тағдырына деген жауапкершілігі кейінгі ұрпақ үшін өнеге. Ардагердің айтуынша, бейбіт күннің қадірін білу және елдің болашағына үлес қосу – әр азаматтың міндеті.
