Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Құрылтайды сайлауда дауыс берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ол Instagram-да Құрылтай депуттаттарының сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай заң шығару билігін іске асыратын жоғары өкілді органға айналатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Құрылтай әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс. Осылайша, Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беретін құрылымға айналмақ». Сайлау – әрбір азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің алдағы даму бағытын айқындауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Астанада дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, — деді әкім.
Қазақстанда бүгін, 23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр.
