Басты бет / Жаңалықтар /
Дархан Сатыбалды
Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды сайлауда дауыс беріп, үндеу жасады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Құрылтай сайлауында дауыс берді. Қала басшысы №159 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Дархан Сатыбалды дауыс берді

Алматы әкімі сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін өзінің Instagram парақшасында еліміздің саяси тарихында жаңа кезең басталғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үндеуінде атап өткендей, болашағымыз әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты. Қазақстанның жарқын келешегі әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығынан басталады, – деді Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімі азаматтарды жауапкершілік танытуға шақырды

Қала басшысы өз таңдауын жасап, елдің саяси өміріндегі маңызды кезеңге қатысты.

Қазақстанда бүгін, 23 тамызда, тарихта алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook