Басты бет / Жаңалықтар /
сайлау, референдум
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Сағат 10.00-дегі жағдай: халықтың 17,96%-ы дауыс берді

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша ел бойынша 2 264 411 адам, яғни сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96%-ы дауыс берген.

Қай өңірде белсенділік жоғары?

Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында – 22,91%. Одан кейін Қарағанды облысы – 21,06%, Жетісу облысы – 20,87%, Ақтөбе облысы – 20,28% және Түркістан мен Шымкент қаласы – 20,39%-дан.

Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 9,96%. Павлодар облысында 15,98%, Маңғыстау облысында 16,92%, Астана қаласында 17,01% сайлаушы дауыс берген.

Сағат 10:00-дегі сайлаушылардың қатысуы

1. Астана қаласы бойынша – 17,01%.

2. Абай облысы бойынша – 17,35%.

3. Ақмола облысы бойынша – 18,91%.

4. Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%.

5. Алматы облысы бойынша – 17,19%.

6. Атырау облысы бойынша – 18,75%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%.

8. Жамбыл облысы бойынша – 18,25%.

9. Жетісу облысы бойынша –  20,87%.

10. Қарағанды облысы бойынша – 21,06%.

11. Қостанай облысы бойынша – 17,92%.

12. Қызылорда облысы бойынша – 22,91%.

13. Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%.

14. Павлодар облысы бойынша – 15,98%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%.

16. Түркістан облысы бойынша –  20,39%.

17. Ұлытау облысы бойынша – 19,41%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%.

19. Алматы қаласы бойынша – 9,96%.

20. Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.

ОСК мәліметінше, еліміз бойынша дауыс беруге қатысу туралы келесі ақпарат сағат 12:00-де жарияланады.

85c15cc19d222e867e054f6467c67580 Сағат 10.00-дегі жағдай: халықтың 17,96%-ы дауыс берді
Фото: ОСК

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram