Басты бет / Жаңалықтар /
қала, көше, автобус, Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бүгін Алматыда автобус, троллейбус және метро тегін болады

Алматыда бүгін, Құрылтай депутаттарын сайлау күні қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Автобус, троллейбус және метро тегін

Алматының жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көліктің барлық бағытында тегін жол жүру мүмкіндігі беріледі.

Осылайша, күні бойы Алматыдағы автобустар, троллейбустар және метро арқылы жүру үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

Тұрғындарға сапарын алдын ала жоспарлау ұсынылды

Қала тұрғындары мен қонақтарына сайлау күні қоғамдық көлікті пайдаланып, қала ішінде еркін қатынау ұсынылады.

Басқарма азаматтарды сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру учаскелеріне жету үшін қоғамдық көліктің мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

Айта кетейік, Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлау басталды. Таңғы сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша, өңірлердегі 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook