Басты бет / Жаңалықтар /
b9d45f86220c7aeb0d4f75f3bfc56c8e 69 жастағы ұлы 90 жастағы анасын Алматыдағы сайлау учаскесіне ертіп келді

69 жастағы ұлы 90 жастағы анасын Алматыдағы сайлау учаскесіне ертіп келді

Алматыда Медеу ауданындағы №412 сайлау учаскесінде 69 жастағы Есенбек Өктешбаев пен оның 90 жастағы анасы Айымкүл Әниятованың бірге дауыс беруге келуі көпшіліктің назарын аударды. Ұлы анасын арнайы сайлау учаскесіне ертіп келіп, маңызды күні қасында болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өктешбаевтар отбасы үшін сайлауға қатысу – жай ғана азаматтық міндет емес, жылдар бойы қалыптасқан дәстүр. Есенбек ардагерлер ұйымын басқарып, қоғамдық өмірге белсенді араласады. Ал оның анасы егде жасына қарамастан, елдегі жаңалықтарға қызығушылығын жоғалтпай, сергектігін сақтап келеді.

Айымкүл Әниятова – еңбек ардагері әрі шығармашылыққа жақын жан. 90 жасында да өлең жазуды жалғастырып жүр. Бүгінгі күнге орай ол Құрылтайға арнап өлең шығарып, онда Қазақстанның болашағына қатысты ойы мен ақ тілегін жеткізген.

Бүгін ұлы анасын дауыс беруге ертіп келіп, қолдау көрсетіп, жанынан табылды. Бұл қарапайым отбасылық көріністің өзінде аға буынға деген құрмет пен ерекше жылылық сезіледі.

776cde8ff21e1938b28095367d5481e7 69 жастағы ұлы 90 жастағы анасын Алматыдағы сайлау учаскесіне ертіп келді

Айымкүл Әниятова үшін бұл – өз азаматтық ұстанымын білдірудің тағы бір мүмкіндігі. Ал оның ұлы үшін – жасына қарамастан, әр адамның дауысы маңызды екенін көрсетудің үлгісі.

Бұл отбасының өнегесі азаматтық белсенділіктің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатынын аңғартады. Күш-қуаты мен ниеті барда олар сайлауға келіп, өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне сеніммен қарайды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook