Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлау басталды. Таңғы сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша, өңірлердегі 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
107 сайлау учаскесі дауыс беруді ерте бастады
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, аумақтық сайлау комиссияларының шешіміне сәйкес 107 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталған.
Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алған.
Жалпы Қазақстан бойынша Құрылтай сайлауына арналған 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Шетелдегі 19 учаске де ашылды
Қазақстан азаматтары шетелде де дауыс беріп жатыр. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 16 мемлекеттегі 19 сайлау учаскесі жұмысын бастаған.
Жалпы шетелде 61 елдегі Қазақстан азаматтары үшін 79 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Осылайша бүгін Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр.
