Басты бет / Жаңалықтар /
mega
Фото: Tengrinews.kz

Алматыдағы MEGA-да өрт дабылы іске қосылды: ғимаратта не болып жатыр?

Алматыдағы Розыбакиев көшесінде орналасқан MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығының келушілері эвакуацияланды. Әлжелілерде сауда орталығында адамдардың ғимараттан шығарылып жатқаны және оның маңына өрт сөндіру көліктері келгені түсірілген видеолар тарады. Бұл туралы Tengrinews сайтына сілтеме жасай отырып, Baribar.kz хабарлап отыр.

Кейбір кадрларда сауда орталығының ішіндегі адамдарға ғимараттан шығу туралы ескертілгені естіледі.

Оқиғаға қатысты сауда-ойын-сауық орталығының әкімшілігі мен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.

СОСО әкімшілігінің мәліметінше, ғимаратта автоматты өрт дабылы іске қосылған.

«Жағдай бақылауда, барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. СОСО жұмысын жалғастырып жатыр. Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз», – делінген таратылған хабарламада.

Алматы қаласының ТЖД өрт ошағы анықталмағанын хабарлады.

«Өрт ошағы анықталмады. Автомат өрт дабылының не себепті іске қосылғанын мамандар анықтап жатыр», – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Осылайша, қазіргі уақытта сауда орталығында өрт болғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Мамандар автоматты өрт дабылының іске қосылу себебін анықтап жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram