Басты бет / Жаңалықтар /
жол, Алматы облысы,
Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Астана – Ресей шекарасы бағытындағы 30 шақырымдық тасжол ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында республика үшін маңызды Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы бағытындағы тасжол ашылды. 30 шақырымдық тасжолда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмысы автожолдың 465–496 шақырымдары аралығында жүргізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тәулігіне 5 034 көлік жүріп өтеді

Қазақстан мен Ресей федерациясы арасындағы бұл тасжол екі елдің өнеркәсіп орталықтары арасындағы жүк және жолаушылар тасымалын іске асырып, халықаралық транзит байланысын нығайту үшін аса маңызды. Мұндай жолды дамыту шекарасы түйісіп жатқан елдердің экономика, логистика, сауда қатынасы бағытындағы қарым-қатынасын арттыруға ықпал етеді. Қазір тасжол арқылы тәулігіне орта есеппен 5 034 көлік жүріп өтеді.

31 су құбыры салынды

Жөндеу жұмысы аясында жаңа жол төсемі салынды. Аумаққа 10 965 метр қоршау, 266 жол белгісі мен 1 366 сигнал бағанасы орнатылды. Жаңбыр мен еріген қар суына арналған 31 құбыр салынды. Оның 16-сы негізгі жолда, тағы 15-і тасжолға қосылатын бағытта орналасқан. Бұдан бөлек, 48 жарық бағанасы орнатылды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram