Арқалық қаласының әуежайында реконструкциялау жұмысы аяқталып, Астана – Арқалық бағыты бойынша алғашқы рейсі ашылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Астана — Арқалық бағытындағы әуе билетінің құны — 10 мың теңге
Көлік министрлігінің мәліметінше, жолаушыларды SCAT әуе компаниясы тасымалдайды. 22 тамыздан бастап Астана – Арқалық — Астана бағытындағы рейстер аптасына екі рет қатынайды. Бір бағытқа арналған билет құны — 10 000 теңге.
Алматы — Арқалық бағытындағы әуе билетінің құны — 25 мың теңге
Жолаушылар Алматы – Арқалық – Алматы бағытында аптасына екі рет қатынай алады. Бір бағытқа арналған билет құны — 25 000 теңге. Бұдан бөлек, аптасына екі рет қатынайтын Қостанай – Арқалық – Қостанай әуе бағыты ашылды. Бір бағытқа арналған билет құны — 10 000 теңге.
Әуе қатынасын ашу өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ақпал етеді. Сонымен қатар Арқалықтағы іскерлік байланысты дамытуға және инвестиция тартуға жол ашады, — делінген хабарламада.
