Алматыдағы Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жандосов және Шаляпин көшелері арасындағы аумақта орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Алтынсарин даңғылы қай уақытта жабық болады?
22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 07:00-ге дейін Жандосов және Шаляпин көшелері арасындағы тасжол толық жабылады. Аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар тақталар орнатылады.
Алматы әкімдігі жүргізушілер мен қала қонақтарына сапар бағытын алдын ала жоспарлау керек екенін ескертті. Жол қозғалысын шектеу жайлы ақпарат әкімдіктің әлеуметтік желілері мен 2GIS сервисінде жарияланады.
