Басты бет / Жаңалықтар /
өрт сөндіруші, өрт сөндіруші машина
Көрнекі фото. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматы маңындағы мейрамханадан түнде өрт шыққан

Алматы облысындағы Талғар ауданында мейрамханадан түнгі уақытта өрт шыққан. Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің қызметкері барып, өртті сөндірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

50 және 27 литрлік екі газ баллоны

Бастапқыда ғимараттың барлық аумағын қызыл жалын шарпыған. Мейрамхана Бесағаш ауылында орналасқан. Өрт сөндірушілер келген кезде мейрамханада қонақтар болмаған. ТЖМ қызметкерлері өртті оқшаулау кезінде ғимараттан көлемі 50 және 27 литрлік екі газ баллоны мен 50 литр бір оттегі баллонын алып шықты.

Зардап шеккендер жоқ

Өрттің мейрамхананың жанында орналасқан ғимараттарға тарамады. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мейрамханадағы өрт толық сөндірілді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram