Қазақстанда электронды үкімет порталы (eGov) мен бірқатар мемлекеттік цифрлық ресурс уақытша қолжетімсіз болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақауға сыртқы интернет-трафик себеп болған
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, цифрлық ресурстардың жұмысында ақау сыртқы интернет-трафиктің жоғары белсенділігіне байланысты туындаған.
Қазақстанның интернет-ресурстарын қорғау үшін арнайы қауіпсіздік механизмдері іске қосылған.
Олар сыртқы белсенділікке дер кезінде жауап беріп, ұлттық цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Трафик қалпына келтірілді, ресурстарға қолжетімділік штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, – делінген хабарламада.
Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр
Қазір мемлекеттік цифрлық сервистердің жұмысы қалпына келтірілген. Мамандар жағдайды бақылауды және ресурстарға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Компания өкілдері мемлекеттік ресурстарда ақаулар болғаны туралы ақпаратты растамады.
