Алматыда жолдағы жанжал төбелеске ұласты. 41 жастағы Mercedes жүргізушісі 30 жастағы ер адамға бірнеше рет соққы жасаған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жүргізушілер арасында жанжал болған
ПД мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тергеу барысында Kia Rio және Mercedes көліктерінің жүргізушілері арасында жол үстінде ауызша жанжал болғаны анықталған, — делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, жанжал кезінде 41 жастағы Mercedes жүргізушісі 30 жастағы қарсыласына бірнеше рет соққы жасаған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Полиция күдіктіні ұстады. Ол Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес жауапкершілік мәселесі шешіледі.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды сабыр сақтап, көлік жүргізу кезінде агрессияға жол бермеуге шақырды.
