Басты бет / Жаңалықтар /
стример
Видео скрині

Қарағандыда 56 жастағы ер адам әйелдердің киімін киіп, TikTok-та бейәдеп әрекет жасаған

Қарағанды облысында полиция TikTok әлеуметтік желісіндегі 56 жастағы стримердің жарияланымдарына қатысты шара қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қарағанды қаласының тұрғыны Еркен Жантыкпаевтың әлеуметтік желідегі белсенділігі полиция назарына іліккен.

Стримердің видеолары полиция назарын аударған

Полицияның мәліметінше, интернет кеңістігін мониториңдеу барысында ер адамның TikTok-та құқыққа қайшы мазмұндағы бейнематериалдар жариялағаны анықталған.

Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, іс сотқа жолданған. Сот қаулысымен азаматқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалған, — делінген хабарламада.

Полиция оның әрекеті заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін атап өтті.

Аккаунттарын өшірген

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта Еркен Жантыкпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Сонымен қатар оның әрекетіне қатысты бақылау жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары ескерту талаптары қайта бұзылған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін екенін ескертті.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке қайшы және құқыққа сыйымсыз контент таратпауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram