Басты бет / Жаңалықтар /
полиция
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Шай ішуге келген». Алматыда күйеу баласы енесін зорлады деген күдікпен ұсталды

Алматыда жергілікті тұрғын өзінің мүгедектігі бар енесіне жыныстық сипатта зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сұмдық қылмыс туралы ақпаратты жәбірленушінің өз қызы күдіктінің заңды жұбайы полицияға арызданғаннан соң белгілі болды.

Ер адам енесінің үйіне «шай ішуге» келген

Оқиға 17 тамызда болған. Мәліметтерге қарағанда, күдікті 1961 жылы туған енесінің үйіне «шай ішемін» деген сылтаумен келген. Ол үш жыл бұрын ауыр жол-көлік апатына түсіп, өздігінен әрекет ете алмайтын енесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, озбырлық жасаған.

Үш бала тәрбиелеп отырған зейнеткердің қызы өз анасының құқығын қорғау үшін өз күйеуінің үстінен шағым түсіруге мәжбүр болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Қылмыстық іс қозғалды

Бастапқыда сот-медициналық сараптама қағаздарының қате толтырылуына байланысты іс кешеуілдеп, қоғамда үлкен наразылық тудырған еді. Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі бұл істі Алматы қалалық прокуратурасының жеке бақылауына алуын және тегін заңгерлік көмек көрсетілуін талап етті.

Аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне принципті әрі объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жазаланады, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қазір тергеу амалдары қарқынды жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook