Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желілер, видео
Фото: Ерқанат Аманкел

Қазақстан азаматтары полицияға Threads арқылы жиі шағымдана бастаған

«Біз қасыңдамыз. Бізден сұраңыз» ақпараттық акциясы аясында полиция қызметкерлері азаматтармен онлайн форматта тікелей байланыс орнатты. Акция барысында халықтан 778 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өтініштердің 334-і Threads арқылы түскен

Полиция мәліметінше, акцияның негізгі мақсаты – азаматтармен жедел кері байланыс орнату, олардың сұрақтарын қарау және қажет болған жағдайда өтініштерді құзыретті қызметтер мен ұйымдарға жолдау.

Көрсетілген кезеңде полицияға 778 өтініш келіп түскен. Оның 334-і Threads платформасы арқылы жолданған. Қарау нәтижесінде 66 өтініш азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін Отбасын қолдау орталықтарына жіберілген, — делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, өтініштердің мазмұны мен күрделілігі әртүрлі болған. Кейбір мәселелер жедел әрекет етуді талап етсе, енді бір бөлігін қарау үшін қосымша зерделеу және басқа мемлекеттік әрі әлеуметтік қызметтермен бірлескен жұмыс қажет болған.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы өтініштерге ерекше назар аударылды

Акция барысында отбасындағы зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты өтініштерге ерекше көңіл бөлінген. Мұндай жағдайларда азаматтарға ақпарат берумен ғана шектелмей, нақты шаралар қабылдау қажет болған.

ІІМ азаматтармен өзара іс-қимыл форматын одан әрі жетілдіріп, өтініштерге ден қою жеделдігін арттыру жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Өзара іс-қимылдың мұндай форматының практикалық маңызы зор. Ол полицияның ғана емес, басқа да қызметтердің араласуын талап ететін мәселелерді ертерек анықтауға және бірлескен күш-жігермен тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. «Біз қасыңдамыз. Бізден сұраңыз» – бұл акцияның атауы ғана емес. Бұл – ІІМ-нің халықпен жұмыс істеудегі басты қағидасы, – деді ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook