Басты бет / Жаңалықтар /
Түрме, уақытша ұстау изоляторы. тұтқын
Фото: Kolesa.kz

Қазақстандық кәсіпкер 290 млн теңге салықтан жалтарып, Ресейге қашып кеткен

Қазақстан азаматы 290 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарып, Ресейге қашып кеткен. Бас прокуратураның сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Күдікті салықтан 290 млн теңгеден астам жалтарған

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болғаны анықталған.

Ол кірістер декларациясына бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы 290 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған деген күдікке ілінген. Қылмыстан кейін күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған, — делінген хабарламада.

Күдікті Ресейде ұсталып, елге жеткізілді

Биыл қаңтарда күдікті Краснодар қаласында ұсталған. Кейін Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, күдіктіге тағылған қылмыс бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram