Басты бет / Жаңалықтар /
жарық, электр, шам, люстра
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматыда ондаған нысан жарықсыз қалды. Электр қуаты неге өшті?

Алматының Алмалы және Жетісу аудандарында 20 тамыз кешке электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Алатау Жарық Компаниясының» интерактивті картасында ондаған қызыл белгі пайда болған.

Алмалы ауданындағы жарық өшуіне не себеп болды?

Алмалы ауданында электр энергиясы сағат 16:20 шамасында өшірілген. Түркебаев, Розыбакиев, Бөгенбай батыр көшелері мен Райымбек даңғылы маңындағы тұтынушылар жарықсыз қалған.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясының өшуіне тарату пунктіндегі жабдықтың зақымдануы себеп болғанын хабарлады.

Тарату пунктіндегі екі ұяшықтың зақымдануы себеп болды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары жедел түрде жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіру үшін қажетті техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады компания.

Жарықты қалпына келтіруге төрт сағат қажет

Апаттық ажыратулар картасындағы мәлімет бойынша, қаланың осы бөлігіндегі электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіруге шамамен төрт сағат қажет болған.

Компания мамандары электр желілеріндегі ақауды жою және тұтынушыларды қайтадан электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook