Алматыда полиция қызметкерлері қонақүй кешендерінің бірінде 41 жастағы әйелді ұстады. Жалдамалы бөлмеге жүргізілген тінту барысында орау материалдары, электрон таразылар және шығу тегі күмәнді зат табылған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қонақүй бөлмесінен күмәнді зат тәркіленді
Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара барысында әйел ұсталған. Тінту кезінде полицейлер орау материалдарын, электрон таразыларды және өзіне тән иісі бар ақшыл қоңыр түсті затты тәркіледі.
Тәркіленген заттың нақты құрамы мен сипатын анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Полиция ұсталған әйелден үш ұялы телефон да тәркіленгенін хабарлады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ықтимал есірткі арнасына қатысы болуы мүмкін басқа да тұлғаларды іздеп жатыр.
