Басты бет / Жаңалықтар /
судья, сот отырысы, заң, адвокат, сот үкімі, қылмыс, жаза
Фото: Depositphotos.com

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта адвокат келмей қалды

Астана қалалық сотында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Бұған сотталушы Сәуле Жұбаниязованың екінші адвокаты Дәурен Есламбекұлының сот отырысына келмеуі себеп болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үзілістен кейін Ұлдананың анасы Сәлима Омарова жауап беруін жалғастыруы керек еді. Алайда адвокат сот залына келмеген.

Адвокат сотқа алдын ала ескертпеген

Судья Меруерт Абаеваның айтуынша, адвокат Есламбекұлы сот отырысына келмейтіні туралы сотқа алдын ала хабарламаған. Ол тек сот отырысының хатшысына телефон арқылы басқа сот процесіне қатысатынын ауызша айтқан.

Төрағалық етуші адвокат Есламбекұлы сот отырысы залына келмеген, сонымен қатар өзінің келмейтіндігі туралы сотқа алдын ала хабарламаған. Бұл ретте ол сот отырысының хатшысына телефон арқылы ауызша түрде басқа сот процесіне қатысатынын хабарлаған. Соған қарамастан, адвокат Есламбекұлы дәлелді себепсіз сот отырысының өткізілуіне кедергі келтіріп, оны кейінге қалдырған, – деді судья.

Сот адвокаттың әрекетіне баға берді

Судья адвокаттың әрекеті сот процесін әдейі созуға және сотқа, сонымен бірге басқа да процеске қатысушыларға құрметсіздік танытуға әкелгенін атап өтті.

Сот адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормаларын бұзғанын және Адвокат кәсіби әдеп кодексінің талаптарын сақтамағанын мәлімдеді. Осыған байланысты сот Астана қаласының заң консультациясы президиумы мен Астана қаласы әділет департаментінің назарына адвокат Дәурен Есламбекұлының әрекетін жеткізді. Сот тиісті шаралар қабылдауды сұрады.

Судья мұндай әрекеттің сот отырысына қатысушыларға құрметсіздік екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Омарова қызының өліміне қатысты сот отырысында сөз сөйледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram