Басты бет / Жаңалықтар /
алтын
Фото: Elements.envato.com

Қазақстанда 1 грамм алтын қанша тұрады?

Қазақстанда алтын бағасы бір апта ішінде 1275 теңгеге арзандады. 20 тамыздағы жағдай бойынша, оның бір грамы 64 729,57 теңге болды.

Қазақстан Ұлттық банкінің дерегінше, 13 тамызда бір грамм алтын 66 004,73 теңге тұрған. Осылайша, бір аптада бағалы металл құны 1275,16 теңгеге арзандаған.

Қазіргі баға тамыз айы басындағы көрсеткіштен әлі де жоғары. 6 тамызда бір грамм алтын 61 444,62 теңге болған.

2026 жылғы ең жоғары көрсеткіш 30 қаңтарда тіркелді. Сол күні алтынның бір грамы 89 002,60 теңгеге жеткен.

Әлем нарығында да 20 тамызда алтын арзандады. Reuters дерегіне сәйкес, спот бағасы 0,7%-ға арзандап, бір трой унциясы 4 487,93 доллар болғаны көрсетілген.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok