Басты бет / Жаңалықтар /
алматы, пәтер
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғындарына жаңа пәтер берілді. Баспана кезегі қалай бөлінеді?

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж және баспана кезегінде тұрған қала тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, «Алтынай» тұрғын үй кешеніндегі 210 пәтер тұрғындардың игілігіне берілді.

Алматыда 4 мыңнан астам пәтер бөлінеді

Тұрғын үйді бөлудің екінші кезеңі аясында табысталған 210 пәтер баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді.

Іс-шара барысында қала әкімі тұрғын үйдің қолжетімдігін арттыру және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Мемлекеттік қолдау ең алдымен шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарға бағытталуға тиіс. Сонымен бірге тұрақты табысы бар еңбек ететін тұрғындарға еңбегінің нәтижесінде баспана алуға мүмкіндік жасау маңызды, – деді Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп, 4 мыңнан астам пәтерді кезең-кезеңімен бөлуді жалғастырып жатыр.

Бірінші кезеңде 885 пәтер берілген. Екінші кезеңде тағы 1 832 пәтер үлестіріледі. Бұдан бөлек, «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы аяқталғаннан кейін босап қалған 1 мыңнан астам пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Тағы 594 пәтер несие шарттарымен ұсынылады.

Пәтер қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен бөлінеді

Пәтерлерді бөлу бойынша конкурстар қыркүйек айының басынан бастап кезең-кезеңімен өткізіледі. Бұл ретте азаматтардың тұрғын үй кезегіне қойылған күні ескеріледі.

Әкімдік бұл тәсіл баспананы бөлудің жүйелілігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктері аясында табысы төмен азаматтарға жалдамалы тұрғын үй беріледі. Ал тұрақты табысы мен төлем қабілеті бар тұрғындарға несиеге берілетін баспана және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар ұсынылады.

Алматы, пәтер
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook