Басты бет / Жаңалықтар /
Арыс әскери бөлім
Видео скрині

Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, дүмпу болған

Арыс қаласындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында құрғақ шөп тұтанып, өрт кезінде оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Зардап шеккендер жоқ.

Әскери бөлім аумағында өрт шыққан

Шымкент гарнизонының мәліметінше, 19 тамыз сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанған.

Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген. Алайда оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген және нысандар қирамаған.

Өрт толық сөндірілді

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі жағдай бақылауда екенін хабарлады. Өрт толықтай өшірілген, қазір оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Әскери ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде таралып жатқан расталмаған ақпараттарға сенбеуге және жағдайға қатысты тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook