Басты бет / Жаңалықтар /
жол жөндеу, жұмысшы
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы өзгереді

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, 19 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.

карта
Фото: Алматы әкімдігі

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, белгіленген жылдамдық режимін және уақытша жол белгілерінің талабын сақтауды сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттікке байланысты өзгеруі мүмкін, — делінген хабарламада.

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook