Басты бет / Жаңалықтар /
жер шары, ғаламшар, ғарыш
Фото: Depositphotos

Жер шарында магнитті дауыл тіркелді

Жер шарында 19 тамыз күні таңертең әлсіз магнитті дауыл басталды. Геомагнит дауылға Күн бетіндегі тәж саңылауының ықпалы себеп болған. Бұл туралы «Фобос» ауа райы орталығының жетекші маманы Михаил Леус өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Геомагнитті өрістің толқуы қайтадан магнитті дауыл деңгейінен асып түсті. Әлсіз G1 деңгейіндегі магнитті дауыл Мәскеу уақытымен сағат 08:45-тен кейін басталды», – деп жазды сарапшы. (Астана уақытымен сағат 10:45)

Бұған дейін РФ Ғарыш зерттеулер институты мен Күн-жер физикасы институтының күн астрономиясы зертханасы да дабыл қаққан еді. Ғалымдар хабарлауынша, тәж саңылауының әсерінен пайда болған геомагнитті толқулар 21 тамызға дейін созылуы мүмкін.

Дегенмен мамандар азаматтарды сабырға шақырып, дауыл қарқыны баяу G1 деңгейінен жоғары көтерілмейтінін атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram