Басты бет / Жаңалықтар /
Әлеуметтік такси Инватакси
Фото: Алматы әкімдігі

Сайлау күні Алматыда 170 «Инватакси» көлігі жұмыс істейді

23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау күні Алматыда мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

170 көлік азаматтарға қызмет көрсетеді

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Алматы әкімдігі сайлау күні жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін «Инватакси» қызметін ұйымдастырады. Қызметті арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады.

23 тамызда қызмет көрсетуге 170 «Инватакси» көлігі жұмылдырылады. Оның ішінде 36 көлік арнайы жабдықталған болса, 134-і жеңіл автокөлік. «Инватакси» қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін диспетчерлік қызметтерге хабарласу қажет, — делінген хабарламада.

Арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін:

  • +7 747 195 35 75;
  • +7 707 710 60 50 (WhatsApp);
  • +7 747 402 64 15 (WhatsApp).

Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:

  • +7 727 338 32 78;
  • +7 700 521 26 33;
  • +7 777 611 13 57 (WhatsApp).

20 кезекші көлік қосымша жұмыс істейді

Сонымен қатар сайлау күні 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Әкімдік азаматтарға көлік қызметіне алдын ала тапсырыс беріп, сапарын дауыс беру уақытына қарай жоспарлауды ұсынды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok