Басты бет / Жаңалықтар /
FlyArystan, ұшақ, рейс
FlyArystan. Фото: Максим Морозов

FlyArystan әуе компаниясында тамаққа қалай алдын ала тапсырыс беруге болады?

FlyArystan рейстерінде жолаушылар ұшу ұзақтығына, ұшу уақытына және жеке талғамына қарай тағам мен сусын ұсынатын Arystan Café қызметі бар. Бағытқа қарай тамақты ұшып бара жатқанда сатып алуға немесе рейске дейін алдын ала тапсырыс беруге болады. Әуе компаниясыкейбір бағыттарда тиімді бағадағы комбо-жиынтық та ұсынады.
Baribar.kz FlyArystan бортындағы тамақтану қызметі қалай істейтінін, жолаушыларға қандай мүмкіндік ұсынылатынын және Алматы – Астана – Алматы тікелей рейстеріне арналған арнайы ұсыныстың ерекшелігін айтып береді.

Борттағы тамақтану қызметі қалай істейді?

FlyArystan low-cost үлгісі бойынша істейді. Демек, жолаушы сапар кезінде өзіне қажет қосымша қызметтерді ғана таңдайды. Соған орай, борттағы тамақтану әуе билетінің құнына кірмейді, бөлек сатып алынады.

Борттағы тамақтануға Arystan Café қызметі жауап береді. Оның мәзірінде ыстық тағам, сэндвич, бәліш пен тәтті тоқаш, десерт, жеңіл тіскебасар, алкогольсіз сусындар мен түрлі комбо-ұсыныс бар.

Мәзірдегі көптеген өнімді ұшып бара жатқанда, бортта қор болса, сатып алуға болады. Дегенмен ең қолайлы тәсіл – алдын ала тапсырыс беру. Бұл таңдаған тағамның сол рейсте боларына кепілдік береді әрі ұшып бара жатқанда сатып алғанмен салыстырғанда сол сияқты ұсыныстардан 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алдын ала тапсырыс мәзірі ішкі және халықаралық рейстерде әртүрлі. Негізгі мәзірден бөлек, жолаушыларға балалар мәзірі, вегетариандық, диабеттік және глютенсіз арнайы тамақтану түрлері де ұсынылады.

Ұшар алдында тамақты қалай таңдауға болады?

Тамақ таңдаған кезде ұшу ұзақтығы мен рейстің жөнелтілу уақытын ескерген жөн.

Сапар таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас уақытына сай келсе, ыстық тағамға алдын ала тапсырыс берген тиімді. Баламен сапарлайтын жолаушыға және арнайы тамақтану рационын ұстанатындарға таңдалған мәзір тура солардың рейсіне дайындалуы үшін тапсырысты алдын ала рәсімдеген дұрыс.

Мәзірдегі көптеген тағамды ұшуға кемі 24 сағат қалғанда рәсімдеуге болады.

Arystan Café-нің мәзірін әуе компанияның ресми сайтындағы «Қызметтер және құны» бөлімінен көруге болады. Бағыт пен қызмет таңдалғаннан кейін жүйе сол бағытта бар мәзірді және әр тағам мен сусын құнын автоматты түрде көрсетіп береді.

Алматы – Астана – Алматы рейстеріне арналған арнайы алдын ала тапсырыс қандай?

Алматы мен Астана арасындағы рейстерге сұраныс көп. Сондықтан FlyArystan осы бағытқа арналған алдын ала тапсырыс беруге арналған жеке мәзір әзірледі.

Бұл комбо-ұсыныстардың негізгі артықшылығы – басқа бағыттардағы сондай алдын ала тапсырыстармен салыстырғанда арзанырақ. Сонымен қатар арнайы ұсыныс жолаушының таңдауын шектемейді: олар FlyArystan-ның ішкі рейстеріне арналған басқа тағам мен сусынға да тапсырыс бере алады.

Арнайы мәзірде алты комбо бар:

• вегетариандық бәліш пен 0,2 л шырын – 2 500 теңге;
• тауық еті қосылған үшбұрышты сэндвич пен 0,2 л шырын – 3 200 теңге;
• қызғылт шоколадты пончик пен шай немесе кофе – 1 500 теңге;
• шоколадты пончик пен шай немесе кофе – 1 500 теңге;
• күркетауық еті қосылған сэндвич пен 0,2 л шырын – 3 500 теңге;
• ірімшік қосылған сэндвич пен 0,2 л шырын – 3 200 теңге.

Ұшып бара жатқанда жолаушылар тағы екі комбоға тапсырыс бере алады (бортта өнім болса):

• вегетариандық бәліш пен 0,25 л су – 2 700 теңге;
• тауық еті қосылған үшбұрышты сэндвич пен 0,25 л су – 3 500 теңге.

Қалай алдын ала тапсырыс беруге болады?

Стандартты тамақтануға алдын ала тапсырысты FlyArystan әуе компаниясының ресми сайтынан немесе мобайл қолданбасынан ұшарға кемі 24 сағат қалғанда  рәсімдеуге болады.

Сайтта:

«Брондау және брондауды өзгерту» → «Қызметтеріміз» → «Брондауды өзгерту» → «Қосымша қызметтер».

Мобайл қолданбада:

«Қызметтер» → «Жүк, орын және тамақтану» → «Жүк, орын және қызметтерді сатып алу» → «Тамақтану»

Алматы – Астана – Алматы рейстеріндегі арнайы ұсыныстарға алдын ала тапсырысты ұшарға кемі 16 сағат қалғанда рәсімдеуге болады. Арнайы мәзір 2026 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынған осы бағыттағы тікелей рейстерге жаңа брон жасағанда автоматты түрде шығады. Бұл жолаушыға өзіне қолайлы тамақтану нұсқасын таңдауға көбірек уақыт береді және сапарды жоспарлап жатқанда қосымша икемділік ұсынады.

Тапсырыс рәсімделгеннен кейін таңдалған тамақ туралы ақпарат отырғызу талонында көрсетіледі. Жолаушы бортта оны бортсерікке көрсетуі керек.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook