Басты бет / Жаңалықтар /
кети топурия
Фото: кадрдан үзінді

«А’Студио» әншісі Кети Топурия қазақша ән айтып, әлжеліге үзіндісін жариялады

«А’Студио» тобы көп уақыттан кейін қазақ тілінде жаңа ән шығарды. Топ солисі Кети Топурия композицияны қазақ тілінде орындап, әлжеліде үзіндісін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

39 жастағы грузин әншісі 18 тамызда Instagram парақшасында жаңа әнге түсірілген видеоны бөлісті. Кадрларда Кети Топурия қазақ тілінде ән шырқап, әуенге билеп тұрғанын көруге болады.

Жаңа композиция «Jañbyrdan soñ» («Жаңбырдан соң») деп аталады. Ән мәтініне қарағанда, шығарма Алматы қаласына арналған.

Кети Топурияның қазақ тілінде ән орындағанына Қазақстандағы тыңдармандары ерекше ықылас білдірді. Желі қолданушылары әншінің орындауын жақсы бағалап, қазақ тілінде ән айту өзіне жарасатынын жазды.

Пікірлер арасында:

«Уау, қандай әдемі!»;

«Кети, керемет!»;

«Жаздың хиті»;

«Түсініксіз, бірақ өте әдемі!»;

«Қазақтар мен грузиндер – мәңгі бауырлар»;

«Сізге қазақша ән айтқан жарасады»;

«Керемет! Бәріміз қолдайық!»;

«Керемет ән, Кетидің өзі де керемет!»;

«Қазақ тілі грузин акцентімен – ерекше әрі өте әдемі!» деген пікірлер айтылды.

Кейбір тыңдармандар «А’Студио» тобының өз тамырын ұмытпай, қазақ тіліндегі әндерді қайта ұсынғанына қуанышты екенін білдірді.

Жаңа композицияның қазақша шырқалуы желіде қызу талқыға түсті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Keti Topuria (@keti_one_official)

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook