Басты бет / Жаңалықтар /
594f803b380a41396ed63dca39503542 19-22 тамызда Астанада бір көшеде көлік қозғалысы өзгереді
Фото: Астана әкімдігі

19-22 тамызда Астанада бір көшеде көлік қозғалысы өзгереді

Астанада Кравцов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеу 19-22 тамыз аралығында қолданылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қай учаскеде қозғалыс шектеледі?

Әкімдіктің мәліметінше, А. Кравцов көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі бөлігінде жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Қозғалыс екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, – делінген әкімдік хабарламасында.

Жұмыс жүргізілетін аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен арнайы көрсеткіштер орнатылады.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдағы белгілерге назар аударып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram