Басты бет / Жаңалықтар /
ипотека
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

5%-бен баспана алуға болады: жеңілдетілген ипотекаға кімдер қатыса алады?

Алматы облысында жыл сайынғы мөлшерлемесі 5% болатын «Алатау» жеңілдетілген ипотека бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Өтінім берудің аяқталу мерзімі әлі жарияланған жоқ. Биыл 120-дан астам несие рәсімдеуге 3,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ипотека шарттары

Жыл сайынғы мөлшерлемесі: 5%;

Бастапқы жарна: 10%-дан басталады;

Несие сомасы: 30 млн теңгеге дейін.

Маңызды ескерту: Бұл бағдарлама аясында тұрғын үйді тек Қонаев қаласынан және жаңа салынған үйлерден сатып алуға болады.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Жеңілдетілген ипотека келесі сала қызметкерлеріне арналған:

  • Білім беру;
  • Денсаулық сақтау;
  • Мәдениет және спорт;
  • Әлеуметтік сала;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммунал шаруашылығы
  • Мемлекеттік қызметкерлер;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері (биыл қосылды).

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы және жас шамасы 18 бен 60 жас аралығында болуы;
  2. Кейінгі 24 айда өтініш берушінің жеке тұрғын үйі болмауы;
  3. Кемінде екі жыл ресми жұмыс өтілі мен зейнетақы аударымдарының болуы.

Конкурс қалай өтеді және ұпайлар қалай есептеледі?

Құжаттарды алдымен әкімдік, одан кейін облыс комиссиясы тексереді. Одан соң қатысушылар арнайы ұпай беру жүйесі бойынша іріктеледі:

Ресми некеде болуы: 2 ұпай;

Кәмелетке толмаған балалар: 2 ұпай (әрбір кейінгі бала үшін +1 ұпайдан қосылады);

2 жылдан көп жұмыс өтілі: 2 ұпай (әрбір кейінгі жыл үшін +1 ұпайдан);

Мемлекеттік қызмет немесе бюджет саласы қызметкерлері: 5 ұпай;

Әлем немесе Азия ойындары чемпиондары (соның ішінде паралимпиадашылар): 7 ұпай.

Іріктеуден өткен қатысушылар «Отбасы банкке» жолдама алады. Банк азаматтардың төлем қабілеті мен кредит тарихын тексереді. Табыс жеткіліксіз болса, екі кепілгер ұсынуға мүмкіндігі бар.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok